Астанада белгісіз ер адам Министрліктер үйіне жанғыш қоспа лақтырды

10 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

Оқиға бүгін таңғы сағат 8 шамасында 11-кіреберісте болған. Бұл туралы ZTB news телеграм каналы хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, белгісіз тұлға ғимаратқа кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған. Нәтижесінде 2 шаршы метр аумақта от тұтанған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті өрт сөндіргіштің көмегімен жедел сөндірген. Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстады.
 

Тэгтер:

Астана өрт министрліктер үйі жанғыш қоспа