Мәскеу – Киев. Ресей армиясы 2024 жылдың жазында Украинада соғыс басталғалы бері ең көп адам шығынына ұшырады. The Economist басылымының мәліметінше, 1 мамыр мен 9 шілде аралығында Ресей шамамен 31 мың сарбазынан айырылған. Бұл – соғыстың бір кезеңінде тіркелген ең үлкен шығын.
Жалпы алғанда, 2022 жылдың ақпанынан бері Ресейдің Украинадағы адам шығыны 900 мыңнан 1,3 миллионға дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде 190 мыңнан 350 мыңға дейінгісі – өлгендер.
Басылымның дерегінше, бұл рекордтық шығындар Мәскеудің соңғы екі жылдағы ең жылдам алға жылжуына себеп болған. Дегенмен, тәулігіне орта есеппен небәрі 15 шаршы шақырым аумақты бағындырып отыр. Есеп бойынша, соңғы бір жылда Ресей бір сарбаздың өмірін орта есеппен 0,038 шаршы шақырым үшін құрбан еткен.
Соңғы айларда алға жылжу қарқыны сәл артқанына қарамастан, The Economist талдауы бойынша Ресей Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарының әкімшілік шекараларына 2029 жылдың ақпанына дейін жете алмайды. Ал бүкіл Украинаны басып алу үшін тағы 89 жыл соғысуы қажет болуы мүмкін.
Бұл жағдайлар бейбіт келіссөздер басталған уақытта орын алып отыр, – деп атап өтеді басылым.