Қазақстанның сыртқы қарызы $170,5 млрд-қа жетті. Жыл басынан бері $5,7 млрд-қа өскен

11 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның жиынтық сыртқы қарызы $170,5 млрд-ты құрап, қаңтар айынан бері $5,7 млрд-қа артты. Бұл деректерді Ұлттық банк 10 шілдеде жариялады.

Қарыз өсімі сыртқы сектор операциялары мен валюта бағамының қайта бағалануымен түсіндіріледі. Оның ішінде шамамен $3,4 млрд – төлем балансы есебінен, тағы $2,3 млрд – бағамдық және басқа да өзгерістерге байланысты.

Қарыздың басым бөлігі – 87%-ы – ұзақмерзімді міндеттемелерге тиесілі. Бұл қысқамерзімді тәуекелдерді азайтқанымен, болашақта сыртқы нарыққа тәуелділікті арттырады.

Құрылымы бойынша:
▪️ $14,8 млрд – мемлекеттік қарыз
▪️ $17,5 млрд – банктер мен квазимемлекеттік сектордың қарызы
▪️ $138,2 млрд – жекеменшік сектордың қарызы
▪️ $3,1 млрд – мемлекет кепілдігімен алынған қарыздар

Сыртқы қарыздың ең үлкен үлесі резидент еместерден алынған кредиттер мен қарыздарға (72%) және борыштық бағалы қағаздарға (9%) тиесілі.
 

Тэгтер:

қарыз доллар мемлекет ақша $1705 млрд