2 шілде күні 18 жастағы Нұрислам Ақылбеков Алматыдағы тауға кетіп, қайтып оралмаған.
Алғашында туыстары оны өздері іздеген, кейін полиция, құтқарушылар және еріктілерден көмек сұрауға мәжбүр болды.
Бірнеше сағат бұрын құтқарушылар дрон көмегімен оның мәйітін тапты.
«Құтқарушылар мәйітті алып шығу үшін жаяу жолға шықты (жол шамамен екі жарым сағат уақыт алады). Оқиға орнында жедел штаб жұмысын жалғастыруда. Жақындарымен психологтар жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД.
Тауға шықпас бұрын Нұрислам достарына жалғыз емес, қасындағы бір танысымен баратынын айтқан. Алайда ол адам жайлы департамент ешқандай ақпарат бермеді.