Ресейліктер Беларусь ұшағын атып түсіре жаздады

11 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Минскіден Мәскеуге бағыт алған жолаушылар ұшағын атып түсіруге сәл қалған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі дереккөздер хабарлады.

Олардың мәліметінше, оқиға 11 шілдеге қараған түні болған. Boeing 737-800 ұшағы украин дрондары шабуылына тойтарыс беру кезінде қателесіп ұшқышсыз аппарат деп қабылданған.

Интернетте борттан түсірілген видеолар пайда болды. Бірінде ұшақ қатты шайқалып, жолаушылар үреймен айқайлап жатқан сәт көрінеді. Екінші видеода жолаушы әйел Ресей халқына үндеу жасап:

«Беларусь — бауырлас халық қой. Неге бізге оқ атып жатырсыңдар?» – деп күйзеліспен сөйлейді.

Сондай-ақ желіде ұшқышқа тиесілі делінген дауыс жазбасы тарады. Онда:

«Бұл — азаматтық бағыт. Рұқсат берілген. Бізге ПВО шабуыл жасап жатыр. Мұнда адамдар бар!» – дейді.

Әртүрлі дереккөздерге сүйенсек, ұшақты аман-есен қондыру мүмкін болған. Ұшақ аздап зақымданғанымен, ешкім зардап шекпеген.
 

Тэгтер:

ресей соғыс Ұшақ беларусь атқылау