Петропавлда "Ботай" ескерткіші ашылды

11 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

Бүгін қаланың кіре берісінде Ботай мәдениетіне арналған ерекше археологиялық ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Айта кету керек, 6 мың жыл бұрын Солтүстік Қазақстан жерінде жылқы алғаш рет қолға үйретілген. Ал Ботай қонысы — әлемдік деңгейдегі маңызды археологиялық жаңалық.

 Жаңа монумент — Қазақстан мен бүкіл адамзат тарихындағы Ботай мәдениетінің маңызын бейнелейтін өнер туындысы. Бұл жоба ата-баба мұрасын ұлықтап, туған өлке тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Тэгтер:

ескерткіш Петропавл мәдениет Ботай