Сенсация: қазақтың шахматшы қызы әлем чемпионын жеңді

Бүгін, 14:19 / Марғұлан Ақан
Фото: ашық дереккөзден алынды

Батуми, Грузия. — Әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысып жатқан Меруерт Камалиденова сенсация жасады. Ол 1/32 финалда қазіргі әлем чемпионы, рейтингте 6-орында тұрған ресейлік Александра Горячкинаны классикалық форматтағы екі партия қорытындысы бойынша жеңіп шықты. 

Айта кетейік, Камалиденова әлем рейтингінде 59-орында. Осыған дейін бұл кездесуде Горячкина айқын фаворит саналса да, Астаналық спортшы тәжірибе мен табандылықтың үлгісін көрсетіп, тарихи жеңіске жетті.

Енді Меруерт турнирдегі келесі ойынын қара фигуралармен өткізеді. Қазақстандық шахмат жанкүйерлері бұл жеңісті еліміздегі шахмат тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деп бағалауда.

Бұл чемпионатта бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш — Динара Сәдуақасованың 2021 жылы жеткен ширек финал кезеңі болатын. Ол кезде Динара дәл осы Горячкинаға жол берген еді.

Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 107 спортшы қатысып жатыр. Әр кезеңде екі классикалық партия өткізіледі, тең нәтиже болған жағдайда тай-брейк ойнатылады.

Меруерт Камалиденованың бұл жеңісі — Қазақстан шахматы үшін тарихи белес.

Тэгтер:

шахмат жеңіс Меруерт Камалиденова чемпион