Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет делегациясымен бірге Алакөлде болып, курорттық аймақтың екі бөлігін — Абай және Жетісу облыстарын аралап шықты.
Тексеру барысында анықталған негізгі кемшіліктер:
-Дәретханалар, душ кабиналары мен қоқыс жәшіктерінің жетіспеуі
-Құтқару мұнараларының тапшылығы
-Су көліктеріне бақылаудың әлсіздігі
-Жағажайдағы қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі
Министрдің айтуынша, туристер санының артуына қарамастан, көптеген курорттардағы қызмет көрсету деңгейі талапқа сай емес. Туризм туралы заңнамаға өзгерістер енгізілуде — демалыстың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттар енгізілмек.
Шұғыл тапсырмалар берілді:
-Санитарлық жабдықтауды күшейту
-Жүзуге рұқсат етілген қауіпсіз аймақтарды белгілеу
-Душ, киім ауыстыратын орындар мен көлеңкелік навес орнату
-Құтқарушылар мен ақпараттық стендтер санын көбейту
Орындалуы қайта тексерілетін болады. Туризмді дамыту мәселесі үкіметтің бақылауында қала береді.