Жыл басынан бері Қазақстанға 246 террорист кіруге әрекет еткен - ҰҚК

Бүгін, 08:49 / Қайсар Қалам

2025 жылдың басынан бері Қазақстанға террористік әрекетке қатысы бар 246 шетел азаматының кіруіне жол берілмеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Inform.kz агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Жалпы, жыл басынан бері терроризмге қатысы бар деген күдікпен елге кіруіне тыйым салынған адамдар саны 3,5 мыңға жуықтады. Олардың ішінде 16 адам — халықаралық іздеуде жүрген, террористік және діни-экстремистік қылмыстарға қатысы бар тұлғалар.

Сонымен қатар, радикалды көзқарасты ұстанатын 800-ге жуық мигрант анықталды. Оларға қатысты елден шығару (депортациялау) процедурасы басталды.
 

Тэгтер:

шекара ҰҚК қауіпсіздік террорист радикал