Жоғары лауазымды шенеунік болған Серік Темірболатов интернет-алаяқтарға 20 миллион теңге аударып, тағы 33 миллион теңгені курьер арқылы қолма-қол берген. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм-каналы хабарлады.
Жуырда Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты МГИМО-ның 22 жастағы студенті, Павлодар облысының тумасы Рустам Худышинге үкім шығарды. Ол өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалардың нұсқауымен жәбірленушіден ірі көлемде қаражат алған.
Темірболатовқа WhatsApp арқылы өзін бұрынғы басшысы Қайрат Мами ретінде таныстырған адам хабарласып, лаңкестікке қарсы операция жүріп жатқанын айтып, көмектесуге шақырған. Сеніп қалған 70 жастағы заң ғылымының профессоры бірден байланысқа шығып, 8 түрлі шотқа 20 миллион теңге аударып, кейін 60 мың долларды шешіп беріп жіберген.
Осы сәтте сахнаға сотталған студент Худышин шыққан – ол ақшаны алып, «Мега Exchange» айырбастау пунктіне жеткізген. Жәбірленуші кейін бұл алаяқтық екенін түсініп, құқық қорғау органдарына арызданған.
Сот нәтижесінде Худышин 5 жылға бас бостандығынан айырылды және одан 120 миллион теңге өндіріп алуға шешім шығарылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.