Астанадағы мамандандырылған тергеу сотында прокурорлар Перизат Қайрат туралы мәліметтерді жария етті.
Бұған дейін шетелде оқыды, бірнеше дипломы бар деп есептелген ол тіпті толық орта білімге де ие емес болып шықты.
– Қайрат Перизат 1991 жылдың 5 шілдесінде Ақтөбе облысында туған. Тұрмыста емес. Бұрын таратылған “Biz Birgemiz – Қазақстан – 2030” қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы және басшысы болған. Психиатриялық немесе наркологиялық есепте тұрмайды. Білімі – толық емес орта, – деді прокурор Мәдина Оразалина.