Ұлытау облысында лудоманияға бой алдырған шенеунік қызметінен босатылды

Бүгін, 12:58 / Қайсар Қалам

Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге бірқатар шектеулер қойылған, соның ішінде телекоммуникациялық желілер мен интернет-ресурстар арқылы өткізілетін құмар ойындары мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

Атқарылған талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды.

«1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтері бойынша, ол құмар ойындарға шамамен 16 миллион теңге көлемінде бәс тіккен.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымынан босатылды.
 

Тэгтер:

әкімдік шенеунік лудомания қызмет Ұлытау