Атырауда екі қабатты үйге найзағай түсті

Бүгін, 10:47 / Қайсар Қалам

Атырауда тұрғын үйге найзағай түсіп, толықтай өртеніп кетті. Қалада күн райы күрт бұзылып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн күркіреген.

КТК телеарнасының мәліметінше, Атырау қаласының шетіндегі ықшамауданда екі қабатты тұрғын үйдің шатырына жай оты түскен. Қызыл жалын ілезде лаулап, өрт сөндірушілер бір сағат дегенде әрең сөндіріпті. 

Табиғаттың тосын мінезінен жалпы көлемі 225 шаршы метрді құрайтын жаңа салынып жатқан тұрғын үй түгел жанып кетті. Абырой болғанда, адамдар дін аман. 

«Өртке найзағайды болжап отырмыз. Қазір Атырау басқармасының абөлімі анықтап жатыр. Нақтыланғаннан кейін ақпарат береміз», - деді Атырау облысы ТЖД басқарма бастығы Марат Исатайұлы.
 

Тэгтер:

өрт үй атырау найзағай