Алматы әуежайында әйелді кепілдікке алған ер адам 11 жылға сотталды

16 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

Алматыда кепілге адам алу ісіне сот нүкте қойды. Наурыз айында әуежайда тексеру қызметкеріне шабуыл жасаған Машрапбек Баратов 11 жыл бас бостандығынан айырылды.

Оқиға 7 наурыз күні таңертең болған. Ер адам қызды шашынан ұстап, пышақ тақап, рюкзагында бомба барын мәлімдеген. Бұл жағдай бірнеше минутқа ғана созылған – сол маңда жүрген жолаушы шабуылдаушыны қарусыздандырған.

Оқиғадан кейін Баратов бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу бірнеше аптаға созылып, 7 сәуірде сот тыңдаулары басталған еді. Алайда іс қосымша тергеуге қайтарылған болатын.

Жақында прокурор 10 жыл 6 ай жаза сұрады, ал Түрксіб аудандық соты Баратовты 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұған қоса, судья бұрынғы ісі бойынша өтелмеген жаза мерзімін қосып, жалпы жаза мерзімін 11 жыл етіп бекітті.
 

Тэгтер:

алматы сот әуежай адамды кепілдікке алу Машрапбек Баратов