Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың інісі амнистия сұрап өтініш берді

17 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов жазасын қысқарту туралы сотқа өтініш білдірді. Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

Олардың мәліметінше, 9 шілде күні Байжанов Степногор аудандық сотына амнистия туралы заң аясында жаза мерзімін қысқарту жөнінде өтініш жолдаған. Қазіргі уақытта бұл өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.

Бұған дейін Байжановтың адвокаты амнистия қолданылған жағдайда оның жазасы шамамен үштен бір бөлікке, яғни шамамен сегіз айға қысқаруы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
 

Тэгтер:

сот амнистия Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаев Бақытжан Байжанов