Актер Қайрат Кемалов өмірден озды

17 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

Қазақстанның театр және кино өнерінің майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қайрат Кемалұлы Кемалов 69 жасында дүниеден озды.

Қайрат Кемалұлы Кемалов – кеңестік және қазақстандық театр және кино актері. Ол «Қазақ хандығы» фильміндегі Керей ханның рөлі арқылы көрерменге кеңінен танылған.  

Өнер мақтанышы 1958 жылы 8 қаңтарда қазіргі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. 1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген, драма театрының актері. 1978 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1980-1983 жылдары, 1985-1994 жылдары - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері. 1990-1995 жылдары - Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері. 1995 жылдың қыркүйек айынан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі.
 

Тэгтер:

актер қаза Қайрат Кемалов