Астанада өртенген «Биг Шанхай» базарының кәсіпкерлерімен түсіндіру штабы жұмыс жүргізіп жатыр

Бүгін, 10:48 / Қайсар Қалам

Астанада 18 шілде күні «Биг Шанхай» базары аумағындағы үш қабатты ғимаратта болған өртке байланысты түсіндіру штабы жұмысын бастады.

Штаб Алаш тасжолы, 30а мекенжайындағы «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында орналасқан.

Штаб сауда орындары өрт салдарынан зардап шеккен жалға алушыларға, кәсіпкерлерге және базар қызметкерлеріне кеңес береді.

Әркім өзекті ақпараттар, құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес алып, әрі қарайғы іс-әрекеттерді айқындауға көмек сұрай алады.

Оқиға орнында ТЖД, полиция департаменті, әкімдік, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, базар өкілдері кезекшілік етіп, кеңес беруде.


 

Тэгтер:

өрт базар Биг Шанхай түсіндіру штабы