Бір қол, бір аяғы жоқ Ақназар Балқашты 13 сағатта жүзіп өтті (ВИДЕО)

Бүгін, 13:41 / Марғұлан Ақан
Фото: ашық дереккөз

27 жастағы Ақназар Муталиптің өмірі – нағыз ерік-жігер мен рух биіктігінің символы. Ол 2018 жылы ауыр жарақат алып, бір қолы мен бір аяғынан айырылды, бірақ бұл оның өмірге деген құлшынысын тоқтата алған жоқ. Шілде айында Ақназар бір қол, бір аяқпен Балқашты 13 сағатта жүзіп өткен. 

Кейінгі бірнеше жылда Ақназар параплаваниемен шұғылданып, дене мен жан саулығын қалпына келтіруге күш салды. Ал 2023 жылы ол Қазақстан чемпионы атанды.

Ақназар 20 шақырым қашықтықты жүзіп өтіп, дене мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында әлемдік рекорд орнатты. Бұл – тек спорттық жетістік қана емес, бүкіл қоғамға шабыт сыйлайтын тарихи сәт.

Қазір Ақназар Гиннестің рекордтар кітабына жетістігін ресми тіркеу үшін демеушілер іздеп жүр. Бұл үшін халықаралық сараптама, тіркеу жарнасы және құжаттарды рәсімдеуге қаражат қажет.

«Менің мақсатым – өзім сияқты адамдарға үміт отын сыйлау. Адам мүмкіндігі – шексіз», — дейді Ақназар.

Тэгтер:

Балқаш рекорд Ақназар Муталип жүзу