Перизат Қайраттың анасы қыдыруға 10 млн теңге жұмсаған

Бүгін, 16:27 / Қайсар Қалам
Ulysmedia.kz коллажы

Астанадағы сот отырысы кезінде Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның телефонында сақтаған жазбалары көрсетілді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ХАТТАР

Прокурор Мәдина Оразалина Перизат Қайраттың анасы, айыпталушы Ғайни Алашбаеваның iPhone 13 телефонын тексеру нәтижелерін жария етті.

– Перизат Қайратпен болған хат алмасу қаралды. Атап айтқанда, 2022 жылдың 8 қыркүйегінде Қайрат айыпталушы анасына ерекше балаларға арналған оңалту орталығының құрылысы туралы презентацияны WhatsApp арқылы жібергені анықталды.

Бұдан бөлек, Перизат Қайрат анасына жіберген көптеген фотосуреттері де хат алмасуларында бар. Мысалы, іс материалдарының №70 және №71 беттерінде 2022 жылдың 1 желтоқсанында жіберілген, ақша салынған бума бейнеленген фотосуреттер бар.

Ақша сомасы – 10 млн теңге. Суретте селфи түсірілген, – деді Оразалина.

ЖАЗБА

Одан бөлек сотта Ғайни Алашбаеваның iPhone ұялы телефонындағы “Заметки” қосымшасына сақталған жазбалар көрсетілген.

Жазбада:

37 000 000 5 000 000 – тіс емдеу

10 000 000 – турцияға барып емделіп келу

3 000 000 – бады алып ішу

10 000 000 – қыдыру 3 000 000 – фэн шуй

10 000 000 – базцы оқу

2 000 000 – офлайн бару қыдыру сол уақыттарда

3 000 000 – киім алу

3 000 000 – білезік, ақ алтын, бриллиант, деп жазылған.

Айта кетейік, бүгін Перизат Қайратқа байланысты сот отырысының бесінші күні өтіп жатыр. Сот процесі жабық режимге көшті.

Тэгтер:

сот Перизат Қайрат Ғайни Алашбаева