Енді коммунизмді насихаттағандар 5 жылға түрмеге қамалады

Бүгін, 16:29 / Марғұлан Ақан
Фото: ашық дереккөз

Чехия Президенті Петр Павел қол қойған жаңа заңға сәйкес, елде коммунизм идеологиясын насихаттауға, оның символикасын пайдалануға және мұндай режимдерді қолдауға қатаң тыйым салынды. Заң коммунистік қозғалыстарды құру немесе қолдау әрекеттері үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бұл шешімде Чехия коммунизм мен нацизмді бірдей тоталитарлық идеологиялар ретінде таниды. Заң авторларының айтуынша, бұл — тарихи әділдік орнату және өткеннің зұлматтарына нақты баға беру қадамы.

Сарапшылар бұл заңды Ресейдегі сталинизмге деген ностальгиямен күресте символдық маңызы зор акт деп бағалап отыр.

Чех қоғамы осылайша бұрынғы коммунистік режимнің қылмыстарын мойындап, одан бас тартатынын ашық білдірді.

Тэгтер:

түрме коммунизам чехия иедология