Стамбул – Ташкент бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді

Бүгін, 12:18 / Қайсар Қалам
Сурет: pixabay

Uzbekistan Airways әуе компаниясының Стамбулдан Ташкентке бағыт алған рейсінде бір жолаушыда мерзімінен бұрын босанып қалды. 

Жолаушыға экипаж мүшелерімен бірге борттағы екі дәрігер шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Ұшақ командирінің шешімімен әуе кемесі Үргеніш қаласына қонды. Онда ана мен нәрестені дәрігерлер қарсы алып, оларды клиникаға жеткізді.
 

Тэгтер:

сәби Ұшақ босанды