Украина Ресейге келесі аптада келіссөз жүргізуді ұсынды

Бүгін, 17:01 / Марғұлан Ақан
Фото: ашық дереккөзден алынды

Зеленский бітім орнату процесін жандандыруды көздейді, ал Трамп Путинге 50 күндік «терезе» берді. 

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен жаңа келіссөздер жүргізуге бастама көтерді. Бұл туралы ол сенбі күнгі күнделікті үндеуінде айтып, қақтығысты тоқтату бойынша күш-жігерді күшейту қажеттігін мәлімдеді.

Украина не ұсынады?

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Ресей жағына келесі аптада кездесу өткізуді ұсынды.

«Келіссөздердің қарқыны артуы тиіс. Біз тұтқындар алмасу, депортацияланған балаларды қайтару және адамдарды өлтіруді тоқтату мәселелерін шешу үшін барымызды салуымыз қажет. Ресей осы шешімдерден жалтаруын доғаруы тиіс», – деді Зеленский.

Ресейдің жауабы

ТАСС агенттігінің мәліметінше, ресейлік келіссөз тобына жақын дереккөз Киевтің ұсынысын растаған.

Президент Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков:

«Путин бірнеше рет Украинаны бейбіт жолмен реттеуге мүдделі екенін айтқан. Бұл – ұзақ әрі күрделі процесс», – деді.

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы соңғы тікелей кездесу маусым айының басында Ыстанбұлда өткен еді. Бір сағатқа созылған келіссөз нәтижесіз аяқталған. Ресей тарапынан территориялық талаптар қойылып, оларды Киев үзілді-кесілді қабылдамаған.

АҚШ позициясы

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Владимир Путинге 50 күндік келіссөздер терезесін ұсынып отыр. Егер осы мерзім ішінде бітім жасалмаса, Трамп Ресейге қарсы жоғары кедендік салықтар енгізіп, ресейлік мұнайды сатып алатын елдерге де екіншілік тарифтер салатынын ескертті.

Тэгтер:

ресей украина келіссөз