Independent Türkçe басылымының хабарлауынша, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды осы аптаның сәрсенбі немесе бейсенбі күні, яғни 23 немесе 24 шілдеде Стамбулда өтуі мүмкін.
Басылымның жазуынша, кездесу шектеулі мәселелер бойынша техникалық келіссөздерді қамтымақ.
Келіссөздер аясында тараптар гуманитарлық көмек, тұтқындармен алмасу, инфрақұрылым қауіпсіздігі және шекараны қорғау шараларын талқылайды деп күтілуде.
Делегация құрамдары, нақты уақыт пен кездесу орны әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін екі елдің өкілдері Стамбулда 16 мамыр және 2 маусым күндері кездескен болатын. Сол келіссөздер нәтижесінде тараптар тұтқындармен алмасуға келіскен және дағдарысты реттеу бойынша өзара меморандум нұсқаларымен алмасқан.