Түркістан облысының Жетісай аудандық білім бөліміндегі 46 қызметкерге қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып, үкім шығарылды. Іс алқабилердің қатысуымен өтті.
Сот анықтағандай, 2021–2023 жылдары бөлім басшылары М. мен Ш. және 44 мектеп бухгалтері алдын ала келісіп, жалған қызметкерлерге жалақы аударып, мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірген.
Бөлім басшылары М. мен Ш. тиісінше 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды (Ш.-ға – кішкентай балаларына байланысты жаза 5 жылға шегерілді).
34 бухгалтер – 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды (оның ішінде 4 адамның жазасы – кейінге қалдырылды, 18 адам шартты түрде, 12 адам нақты түрмеге қамалды).
8 адам – 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесілді.
2 адамның әрекеті «салғырттық» ретінде бағаланып, 1 жылға бостандығы шектелді.
Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мәселесі азаматтық сот арқылы қаралатын болды.