Мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайратқа 10 жыл жаза сұрады

22 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Instagram/01pk

Астанада атышулы «қайырымдылық жасаушы» Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Ол 3 млрд 545 млн 897 507 теңге жымқырды деп айыпталуда.

Кеше отырыс құпия ақпараттың айтылуына байланысты жабық режимде өтті. 

Бүгін прокурорлар Арман Қизікен мен Мәдина Оразалина сөз сөйледі. Олар Перизат Қайратқа — 10 жыл, ал оның анасы Ғайни Алашбаеваға — 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Екі айыпталушыға мына баптар бойынша айып тағылған:

▪️ ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы — «Алаяқтық»;

▪️ ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы — «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, аса ірі мөлшерде».

Тэгтер:

сот алаяқтық жаза прокурор Қайрат Перизат