Алика Мұхамадиева Қазақстаннан қашып кетпекші болған

Бүгін, 17:29 / Қайсар Қалам

Threads желісіндегі араздық тудыратын жазбалар үшін қарағандылық тұрғын екі айға қамауға алынды.

Әлеуметтік желідегі арандатушы пікірлер 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қылмыстық іске ұласты.

Қарағанды облыстық ПД бұл деректі растады — қызға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша («Ұлтаралық араздықты қоздыру») іс қозғалған.

22 шілдеде Қарағанды қаласының соты тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырып, Мұхамадиеваны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Тергеу амалдары жалғасуда.
 

Тэгтер:

әлеуметтік желі Алика Мұхамадиева араздық