«СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу басталды

24 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Фото: sk-pharmacy.kz

Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС-не қатысты ауқымды қаржылық заңбұзушылықтар дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жоғарғы аудиторлық палата жүргізген тексеріс нәтижесінде мынадай заңбұзушылықтар анықталған:

🔹166,4 млн теңгеге жалған дәрі-дәрмек зерттеулері жүргізілген;

🔹36,7 млн теңге көлеміндегі жабдыққа негізсіз шығындалған, алайда ол жабдық нақтыда алынбаған болуы мүмкін;

🔹дәрі-дәрмек сатып алуда бюджетке келтірілген болжалды шығын – 35,8 млрд теңге;

🔹медициналық қолғап жеткізуде бағалардың негізсіз жоғары болуына байланысты 5,3 млрд теңге көлемінде қаражат тиімсіз жұмсалған.
 

Тэгтер:

тергеу прокуратура СК-Фармация