Алматыда шетелдік компанияларға кибершабуыл жасаған азамат ұсталды

Бүгін, 11:20 / Қайсар Қалам

Алматыда шетелдік компанияларға кибершабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Шілде айында Алматы қаласында ҰҚК шетелдік әріптестерімен бірлесіп, компьютерлік қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. Тергеу материалдарына сәйкес, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Кейін ақпаратты қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен», – деп хабарлады ҰҚК.

ҰҚК мәліметінше, тінту барысында күдіктінің кибершабуыл жасау үшін пайдаланған заттай айғақтар тәркіленген.
 

Тэгтер:

ҰҚК Кибершабуыл шетелдік компания