Пойызда босанып баласын жолда лақтырып жіберген әйелге үкім шықты

26 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзінен

2025 жылғы 20 сәуірде «Қызылорда – Астана» бағытындағы пойызда қайғылы оқиға орын алды. Әйел адам пойыз вагонының дәретханасында өз бетімен босанып, жаңа туған сәбиді санитарлық жүйеге тастаған. Кейін баланың мәйіті табылып, оның қаза тапқаны анықталды. Оқиға пойыз Қарағанды станциясынан қозғалғаннан кейін болған деп хабарлайды Arasha.kz.

ҚР Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, бұл қайғылы оқиға бойынша сот процесі аяқталды.

— Тергеу барысында әйелдің психикалық сырқатпен ауыратыны және сол сәтте ауруы асқынып тұрғаны анықталды. Ол жаңа туған сәбиді санитарлық құбырға тастаған. Нәресте теміржол жолына құлап, жарақатынан мерт болған, — деп мәлімдеді көлік прокуратурасы.

Қарағанды облысы Осакаров аудандық соты әйелді қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған сәтте ақыл-есі дұрыс болмаған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Тэгтер:

сот сәби прокуратура пойыз босану