Ресей Православ Шіркеуінің (РПШ) Мәскеу Патриархаты Қазақстандағы православ шіркеуінің атауын өзгерту қажеттігін талап етті, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Біз Ресей Православ Шіркеуесінің канондық бөлімдерінің атауына қатысты пікір алмастық. Анықтама ретінде: 1989 жылғы Архиерейлік Собордың №15 тармағына сәйкес: «Мәскеу Патриархатының Беларусь Экзархатын құру» шешімі қабылданған. Ал Священный Синод митрополиялық округтердің ішкі ережелерін бекіткен кезде олардың атауын былайша белгіледі: «Қазақстан Республикасындағы Ресей Православ Шіркеуесінің митрополиялық округі» (2010 жылғы 26 шілдедегі Синод шешімі, №68 журнал), «Орталық Азиядағы Ресей Православ Шіркеуесінің митрополиялық округі» (2011 жылғы 27 шілдедегі шешім, №67 журнал)», – делінген Мәскеу Патриархатының ресми №54 журналында.
Ресей Православ Шіркеуі митрополиялық округтердің ресми атауларында, соның ішінде олардың заңды және ресми сайттар мен құжаттарда көрсетілетін атауларында, сондай-ақ канондық құрылымдарының – епархия, приход, монастырь, подворие және т.б. атауларында міндетті түрде «Ресей Православ Шіркеуі» немесе «Мәскеу Патриархаты» деген сөз тіркестері болуы керектігін еске салды.
«Аталған канондық құрылымдардың атауларында бұл сөз тіркестері болмаған жағдайда, олардың атауы осы шешімге сәйкес келтірілуі тиіс», – делінген РПШ хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы православ шіркеуі өз сайтында «Қазақстан Республикасындағы митрополиялық округ» деп аталады және оның атауында «Ресей Православ Шіркеуі» немесе «Мәскеу Патриархаты» деген сөздер жоқ.