АҚШ-тың беделді The Hill басылымы Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына назар аударды. Мақалада Бейжің Ресейдің жеңісін емес, соғыстың мүмкіндігінше ұзаққа созылуын қалайды деген тұжырым жасалған.
Басылымның жазуынша, созылмалы әрі ресурсты сарқатын қақтығыс Қытай үшін бірнеше себеп бойынша тиімді:
АҚШ-тың назарын басқа бағытқа аударып, Тынық мұхиты аймағындағы Қытайға қарсы іс-қимылын бәсеңдетеді;
Батыс елдерінің бірлігіне сызат түсіріп, оларды экономикалық және әскери тұрғыдан әлсіретеді;
Қытайдың жаһандық ықпалын күшейтеді, себебі Бейжің өзін бейтарап және келіссөзге дайын күш ретінде көрсетуге тырысады.