26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған.
Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтаған. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырды.
Ер адамға ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды.