Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденовке қастандық: сот ашық түрде өтеді

Бүгін, 10:30 / Қайсар Қалам

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке сәуір айында қарақшылық шабуыл жасалып, ол жарақат алған болатын. 

Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот процесі ашық форматта өтеді.

Айыпталушы Ернар Жиенбай фото және видео түсіруден бас тартты, отырыс қазақ тілінде өтіп жатыр.

Берденовке 21 сәуір күні әкімдік ғимаратының алдында оқ атылған. Ол жарақат алғанымен, кейін сауығып шықты. Айыпталушыға қылмысқа дайындалу және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша айып тағылуда.
 

Тэгтер:

сот шымкент шабуыл әкімдік Руслан Берденов Ернар Жиенбай