Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдары тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады. Бұл туралы Petropavlovsk.news басылымына сілтеме жасап деп хабарлады arasha.kz.
Атап айтқанда, Аққайың, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер бөлімдерінің қызметкерлері прокурордың келісімінсіз әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 17 іс қозғаған. Бұл істер өңірлік инвесторлар пулына кіретін кәсіпорындарға — «Северный бройлер» құс фабрикасы, «Бүркіт» АӨК және «АТМ Petropavlovsk Hospital» ЖШС-на қатысты болды.
Сонымен қатар, Жамбыл, Мамлют, Тайынша және Мағжан Жұмабаев аудандарында мемлекеттік кірістер органдарының кейбір қызметкерлері тиісті өкілеттігі болмаса да, кәсіпкерлерге қатысты 30 әкімшілік істі өз бетімен қараған. Заң бойынша, мұндай істерді тек басшылар, олардың орынбасарлары немесе арнайы бұйрықпен уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалар ғана қарауға құқылы.
Тағы бір өрескел мысал — Ғабит Мүсірепов ауданында басқарма басшысының орынбасары заңда көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан, кәсіпкерге қатысты әлеуметтік сақтандыру заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 92-1-бабы) заңсыз қаулы шығарған.