Еуроодақтың Nayara Energy мұнай өңдеу зауытына салған санкциясы Ресей мен Үндістан арасындағы мұнай саудасына үлкен соққы болды. Nayara Energy зауытының 49% үлесі ресейлік «Роснефтьке» тиесілі., деп хабарлайды Arasha.kz.
Reuters басылымы жазғандай, санкциялардан кейін Еуропа елдері аталған зауыттан шыққан мұнай өнімдерін қабылдаудан бас тартты. Тіпті кейбір танкерлер Вадинар портына жеткен соң, дизель тиеуден бас тартып, бос күйінде кері қайтқан.
Алдымен BP компаниясы жалдаған Talara танкері тапсырыстан бас тартса, артынан қытайлық PetroChina жалдаған Chang Hang Xing Yun кемесі де солай істеді. Қазір бұл танкер Кувейтке бет алған.
Сонымен қатар, Ресейден жеткізілген Urals маркалы мұнайды жеткізген Omni танкері оны Nayara емес, HPCL-Mittal Energy компаниясының Мундрада орналасқан зауытына қайта сатып жіберді.
Бұл оқиғалар аясында Үндістан билігі Ресеймен арадағы мұнай келісімдерін қайта қарастыруға және оларды үзуге әзір екенін мәлімдеді.