Жоғалған тікұшақ: Қорғаныс министрі Сорбұлақтағы штабқа барды

30 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Еске сала кетейік, Алматы облысында шілденің 25-і, жұма күні радарлардан жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғадан бір күн өткен соң Сорбұлақ қоймасы алаңының бетінен майлы дақ табылып, көп ұзамай тікұшаққа ұқсас бөлшектер анықталған еді. Қазір олардың нақты сәйкестігі тексеріліп жатыр.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, мамандар тікұшақтың ықтимал ұшу бағытын және құлау сценариін зерттеп жатыр.

Бүгін Сорбұлаққа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов келіп, операция барысымен жеке танысты. Министр басты назар экипаж тағдыры мен олардың туыстарына қолдау көрсету екенін айтты.

Әзірге табылған бөлшектер нақты жоғалған EC-145 тікұшағына тиесілі екеніне толық сеніммен айту мүмкін емес.

Тэгтер:

министр іздеу Тікұшақ радар Сорбұлақ