Қазақстанда қытайлық инженерді соққыға жығылды

31 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қытай Халық Республикасының азаматы – инженер-технолог Ю. Қазақстанда соққыға жығылған.

Оқиға 2025 жылғы маусымда орын алған. Зауыт жұмысшысы – сотталушы Д. жұмыс уақыты есебінің табелін бекіту үшін өз басшысы Ю.-ға жүгінген. Алайда Ю. бас тартқаннан кейін, олардың арасында жанжал туындап, Д. ашуға мініп, Ю.-ды бірнеше рет бетіне және денесіне жұдырықпен ұрып, оған дене жарақатын және ауырсыну келтірген.

Осы жағдайға байланысты ҚР ҚК 109-1-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа жеңіл зиян келтірмей, ұрып-соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген, жәбірленушіден кешірім сұрап, соттан қатаң жазаламауды өтінген. Алайда жәбірленуші кешірім беруден бас тартып, 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын мен сот шығындарын өндіруді сұраған.

Аталған баптың 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, 80 АЕК-ке дейінгі айыппұл, 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, 80 АЕК мөлшерінде түзеу жұмысы немесе 25 тәулікке дейінгі қамау жазалары қарастырылған.

Сот кінәні мойындау мен шын өкінуді жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Нәтижесінде сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот жәбірленушінің азаматтық талабын жартылай қанағаттандырып, 500 мың теңге моральдық өтемақы мен өкілдік шығындарды өндіріп берді.