Роман Скляр үкіметтен кетуі мүмкін деген сұраққа жауап берді

31 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Arasha.kz

Бірінші вице-премьер Роман Скляр қызметін алты жылдан астам уақыт бойы атқарып келеді. Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Роман Скляр басшылық сенім артқанша жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Скляр үкімет құрамында қызметін жалғастыруға ниетті екенін және әзірге оған деген сенім барын атап өтті.

Роман Скляр вице-премьер қызметіне 2019 жылдың қыркүйегінде тағайындалған. Қаңтар оқиғасынан кейін, нақты айтқанда 11 қаңтарда, бірінші вице-премьер лауазымына көтерілді. 2023 жылғы сәуірдегі қайта тағайындаулар мен отставкалар кезінде де өз орнын сақтап қалды.

Оның бұл қызметте отырған уақытында бірқатар министрлер мен әкімдердің отставкасына себеп болған оқиғалар орын алғанымен, Роман Скляр әр жолы өз орнында қала білді.
 

Тэгтер:

үкімет вице-премьер қызмет Роман Скляр