Меркі аудандық соты бюджет қаржысын ұрлауға қатысты істі қарап, үкім шығарды. Тергеу деректеріне сәйкес, ТОО «Опытное хозяйство “Меркенский”» және ТОО «Жеміс-жидек» басшылары 2015 жылдан 2022 жылға дейін ағаш көшеттерінің сатылым көлемін қолдан өсіріп, жалған құжаттармен мемлекеттік субсидия алған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жалпы мемлекетке келтірілген шығын көлемі — 321 миллион теңге.
Сот шешімімен 7 адам кінәлі деп танылды:
Компания басшыларына 6–7 жыл түрме жазасы берілді, сонымен қатар 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды;
Олардың қарамағындағы қызметкерлерге 5 жылға дейін бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Аталған істі Жамбыл облысының арнайы прокурорлары тергеген. Айта кету керек, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.