3 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш елімізге ресми сапармен келеді. Бұл туралы 1 тамызда Ақорда ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сапар барысында Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш екжақты келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығына бірге барады.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға соңғы рет 2024 жылдың шілдесінде келген еді. Ол кезде Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өкілдігіне барып, кейін Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында ұйымдастырылған «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысқан.