38 жастағы азамат шаш өсіремін деп қайтыс болды

1 тамыз, 2025 / Марғұлан Ақан
Фото: коллаж arasha.kz

Ұлыбританиялық 38 жастағы турист Түркиядағы шаш трансплантациясынан кейін қайтыс болды. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады. Ер адам медициналық процедураны өту үшін Стамбулға келген. Жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі күні ол ота жасатқаннан кейін өзін нашар сезініп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Түркияның құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, клиника қызметкерлерін — дәрігер, анестезиолог пен медбикелерді сұраққа алды. Оқиға бойынша «абайсызда кісі өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен іс қозғалды.

Шетелде медициналық туризмге деген сұраныс артып келеді, әсіресе Түркияда шаш отырғызу, тіс салу, пластикалық операция сынды қызметтер арзандығымен танымал. Дегенмен, қауіпсіздік мәселелері жиі көтеріліп жүр. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Тэгтер:

турист азамат Стамбұл Шаш отырғызу шаш егу қайтыс болды