Көлік вице-министрі шетелдегі баласының оқуын төлеу үшін пара алған ба?

Бүгін, 15:01 / Марғұлан Ақан
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады.

«Пара алу күдігі бойынша ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды», – делінген ресми мәлімдемеде.

ҰҚК өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мәліметтері жарияланбайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін, 2 тамыз күні Көлік министрлігінің бір лауазымды тұлғасы ұсталғанын хабарлаған болатын. Кейін оның Сатжан Аблалиев екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта министрлік тарапынан бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Кейбір БАҚ былай деп жазып жатыр:

78 мың АҚШ доллары көлемінде (шамамен 41 млн теңге) пара алған деген күдікке ілінген. Бұл ақша Ұлыбританияда оқып жүрген баласының оқу ақысын төлеу үшін аударылған.

Тэгтер:

қылмыс министрлік жемқорлық пара Көлік вице министрі