Он жасар баласын әуежайға тастап, өздері демалысқа кеткен

Бүгін, 12:38 / Марғұлан Ақан
Фото: коллаж arasha.kz

Эль-Прат халықаралық әуежайында ерекше жағдай орын алды. Қыдырып сапарға шыққан ерлі-зайыпты 10 жастағы ұлын паспорт мерзімі өтіп кеткендіктен рейске отырғыза алмай, оны әуежайда жалғыз қалдырып, өздері демалысқа аттанып кеткен. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазады..

Оқиға шілде айының 11-і күні түнгі сағат 23:30 шамасында болған. Бала кезекшілік атқарып жүрген әуежай қызметкерлерінің назарын аударған. Олардың айтуынша, бала өзін тастап кеткен ата-анасы "жақында туыстары келеді" деп алдағанын айтып түсіндірген. Осы сәтте бір авиадиспетчер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Ол бізге ата-анасының туған еліне демалысқа кеткенін айтты», – деп жазды.

Полиция жедел әрекет етіп, ата-ананың қайда екенін анықтап, оларды сол уақытта баласы жеткізілген бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта бұл әрекетке байланысты қандай шара қолданылатыны нақты белгісіз. Алайда баланы жалғыз қалдырып кеткен ата-ананың әрекеті Испания қоғамында қызу талқыға түсті.

Бастапқы деректерге сәйкес, ата-анасы баласының паспорты жарамсыз екенін әуежайға келгенде бір-ақ білген. Бірақ олар туристік сапарларынан бас тартпастан, баланы қараусыз қалдырып, өз беттерімен демалысқа кеткен.

Тэгтер:

әуежай ата-ана паспорт демалыс турист он жасар бала