Трамптың бір ғана мәлімдемесі Intel-дің акцияларын арзандатты

Бүгін, 13:50 / Марғұлан Ақан
Фото: ашық дереккөзден алынды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Intel корпорациясының бас директоры Лип-Бу Танды Қытай компанияларымен байланысы үшін отставкаға кетуге шақырды. Оның пікірінше, компания басшысы "мүдделер қақтығысына" тап болып отыр және бұл мәселені шешудің жалғыз жолы — қызметінен кету.

Мұндай мәлімдеме инвесторлар арасында дүрбелең тудырып, нәтижесінде Intel-дің биржадағы акциялары 3 пайызға арзандады.

Трамптың бұл мәлімдемесі сенатор Том Коттонның Intel директорлар кеңесіне жолдаған хатының аясында жасалды. Хатта Лип-Бу Танның Қытай компанияларымен қатынасы және оның бұрын басшылық еткен Cadence Design Systems компаниясына қатысты мәселелер қозғалған.

Reuters агенттігінің деректеріне сәйкес, Лип-Бу Тан 2012–2024 жылдар аралығында жеке өзі немесе венчурлық қорлар арқылы Қытайдың ондаған, тіпті жүздеген компаниясына, оның ішінде қорғаныс саласына қатысы бар кәсіпорындарға кемінде 200 миллион доллар инвестиция салған.

Лип-Бу Тан — 1959 жылы Малайзияда дүниеге келген. Ол 2025 жылы Пэт Гелсингердің орнына Intel бас директоры болып тағайындалған болатын.

Тэгтер:

Қытай АҚШ акция Трамп Intel Лип Бу Тан