Ресми: Енді көліктің терезесінен қолыңызды шығарып отырсаңыз – айыппұл төлейсіз

Бүгін, 21:42 / Ахмет Қанатұлы
depositphotos.com

Бакудың Мемлекеттік жол полициясы басқармасы көлік жүргізу кезінде терезеден қол шығарудың жол апатына әкеп соқтыру қаупін арттыратынын ескертіп, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталған мәліметте көлік жүргізіп келе жатып, рөлді босатып немесе терезеден қол шығару секілді әрекеттер жүргізушінің көлікті басқаруын қиындататыны айтылған. Мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік жүргізу кезінде рөлді босатуға тыйым салынады. Егер мұндай құқықбұзушылық анықталса, жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 342.1.4-бабына сәйкес 40 манат көлемінде айыппұл салынады.

Баку қалалық жол полициясы басқармасы көлік жүргізушілерін абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Себебі қарапайым қауіпсіздік ережесін елемеу қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін.

Тэгтер:

полиция көлік Баку