Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

Бүгін, 19:44 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Таиландта өткен Халықаралық география олимпиадасында (IGeO) қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке қол жеткізді – қатысқан төрт өреннің барлығы да жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншіледі.

"Қостанайдағы NIS оқушысы Андрей Енбахтов пен Қарағандыдағы NIS оқушысы Талғат Байбусунов – алтын медаль иегерлері! Талдықорғандағы NIS оқушысы Ақжол Болат пен Ақтөбедегі NIS оқушысы Алихан Калмағамбетов – күміс медаль иегерлері! Бұл – әлемнің 47 елінен келген 200-ге жуық үміткер қатысқан беделді жарыс. Бұл жеңістің артында тәлім мен тәрбие берген ұстаздардың, сондай-ақ шабыт пен бағыт сыйлаған тәлімгерлердің де еңбегі зор. Барша жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын, ұстаздарын және бүкіл қазақстандықтарды осы қуанышпен шын жүректен құттықтаймын!" – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Тэгтер:

депутат Асхат Аймағамбетов