Абайды айтамын деп аузы күйген танымал журналист тосын мәлімдеме жасады

11 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Әлия Әшім әлеуметтік желідегі парақшасында "Абай жолы" романын оқуға кіріскенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлия Әшім Instagram желісіндегі ресми парақшасында Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясын оқып жатқанын айтып, оқырмандарына кітаптағы негізгі детальдарды, шығарманың басты ойын, негізгі желісін түсіндіріп берді. Сондай-ақ оқырмандарын аталмыш шығарманы бірге оқуға шақырды.

"Кез келген тарихи тұлғаның тек образына табынбай, сөзін, болмысын тану қажет. "Абай жолын" оқымаған болсаңыз, менімен бірге бастаңыз", – деп жазды Әлия Әшім.

Еске сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Әлия Әшімнің Абай Құнанбайұлы туралы айтқан әзілі әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Ол Instagram желісіндегі парақшасында Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге барғанын айтқан. Ағартушы мен оның бірінші әйелі Ділдәнің бөлмесін аралаған журналист "Бұл – Абай мен Ділдә неткен бөлме" деп айтып, көпшіліктің сынына ұшыраған.

Тэгтер:

Абай Құнанбайұлы Әлия Әшім Абай жолы