Starlink қызметі Қазақстанда да қолжетімді

Бүгін, 10:39 / Айгүл Таңатар
ашық дереккөзден

2025 жылғы 13 тамызда Starlink Қазақстанда спутниктік интернет қызметін іске қосты.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Айта кетелік, Starlink — SpaceX компаниясының төмен орбиталы спутниктер желісіне негізделген ғаламдық интернет жүйесі. Жоба шалғай және интернет қолжетімсіз аймақтарға жоғары жылдамдықты байланыс ұсынумен айналысады. Қазіргі таңда Starlink мыңдаған спутник арқылы ондаған елде қызмет көрсетіп келеді. Енді еліміз тұрғындары да аталған компанияның сапалы қызметін тұтына алады.

Бұған дейін, 2025 жылғы 12 маусымда Қазақстанның салаға жауапты министрлігі мен Starlink арасында келісім жасалып, компания қызмет көрсетуде жергілікті заңнаманы сақтауға міндеттелген болатын. Заманауи интернет жүйесінің құны мен қосылу шарттары туралы толық ақпаратты SpaceX-тің ресми сайтынан алуға болады.

Тэгтер:

интернет Starlink