Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы тұтқындалды (ВИДЕО)

13 тамыз, 2025 / Марғұлан Ақан
Фото: Ақорда ресми сайтынан алынды.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жары Ким Гон Хи акциялармен алаяқтық жасау, сайлауға араласу және пара алу ісі бойынша қамауға алынды. Осылайша, олар ел тарихында бір мезгілде тұтқындалған алғашқы бұрынғы президенттік жұпқа айналды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Ким Гон Хи 2009–2012 жылдары BMW маркасының ресми дилері Deutsch Motors компаниясының акция бағасын қолдан көтеру схемасына қатысқан. Сонымен қатар, ол 2022 жылғы қосымша парламенттік сайлауда және 2024 жылғы жалпы сайлауда кандидаттарды іріктеу процесіне заңсыз араласқан деп күдіктеліп отыр.

Тергеу мәліметінше, экс-ханым Бірігу шіркеуі арқылы шаманнан қымбат сыйлықтар алып, оның орнына белгілі бір бизнес-қызметтер көрсеткен болуы мүмкін.

Бұл іс Оңтүстік Кореяда саяси элитаға қатысты жемқорлық және ықпал саудасы мәселелерін қайта күн тәртібіне шығарды.

Тэгтер:

Оңтүстік Корея бірінші ханым тұтқындалды Юн Сок Ёль Ким Гон Хи