Танымал косметолог Айнұр Таңжарыққызы әлеуметтік желідегі парақшасында өз оқырмандарына бет күтіміне байланысты ешкім естімеген құпияны бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Маманның айтуынша, қияр – 30 жастан асқан әйелдер үшін үй жағдайында қолдануға болатын ең қолжетімді әрі пайдалы табиғи маска.
"Қияр 30-дан асқан ханымдар үшін таптырмас маска екенін білесіз бе? Үй жағдайында біз қолданып жүрген қияр 20-30 жастан асқан арулар үшін ең таптырмас маска. Құрамына ештеңе қоспайсыз. Қиярды жай ғана блендрден өткізіп алыңыз да, соны бетіңізге жағып, 15-20 минуттан кейін жуып тастаңыз. Қиярдың құрамында 95 пайыз су болғандықтан, сіздің теріңізді жақсы ылғалдандырады. Сондай-ақ мұның құрамында көпшілікке пайдалы С витамині де бар. Бұл сіздің теріңіздің ағаруына да көмектеседі. 30 жастан кейін біздің терімізде коллаген азайып бастады дейміз. Қиярдың құрамындағы өнімдер сіздің теріңіздегі коллагендердің құрылуына көмектеседі. Аптасына бір мәрте қиярдан маска жасап отырыңыздаршы. Теріңіздің жылтырып отыруына көмекші екенін көресіз", – деді косметолог Айнұр Таңжарыққызы.
Косметолог Айнұр Таңжарыққызының видеосын мына сілтемеден кіріп көре аласыздар.